АҚШ-та соңғы уақытта ел бойынша 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді. Бұған әуе қозғалысын басқару саласындағы мамандардың тапшылығы себеп болған. Мамандардың жетіспеушілігі өз кезегінде федералды үкіметтің 28 күн бойы жұмысын тоқтатқан кезеңімен байланысты деп хабарланады.
Белгілі болғандай, 1 қазанда АҚШ Конгресі жаңа қаржы жылының бюджетін бекітпегендіктен, федералды үкімет қызметі уақытша тоқтатылған еді. Осы уақыт ішінде көптеген мемлекеттік қызметкерлер демалысқа жіберіліп, тек аса маңызды деп танылған сала мамандары — дәрігерлер, шекарашылар, әскери қызметкерлер мен көлік саласы қызметкерлері — жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр болған.

АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффи хабарлауынша, Федералдық авиация әкімшілігі 22 аймақта әуе қозғалысын басқарушы мамандар жетіспеушілігіне тап болған. Бұл жағдай алдағы күндері қосымша рейстердің кешігуі мен тоқтатылуына әкелуі мүмкін екені айтылды.
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда 13 мың әуе қозғалысын басқарушы және шамамен 50 мың көлік қауіпсіздігі қызметкері жалақысыз жұмыс істеп жатыр.