Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та 17 жастағы оқушы мектепте атыс жасады
09:53 / 2024-01-05

АҚШ-тың Айова штатында 17 жастағы оқушы мектепте атыс жасады.

Америка полициясы Перри қаласындағы мектепте атыс болып, бір оқушы қаза тауып, тағы бес адам жараланғанын растады. 

Бейсенбі, қаңтардың 4-і күні болған оқ атуды винтовка мен шағын калибрлі тапаншамен қаруланған сол мектептің 17 жастағы оқушысы ұйымдастырған. Ол мектепте оқ атуға ниетті екенін бір күн бұрын әлеуметтік желі арқылы мәлімдеген. Анықталуынша, қаза тапқан азамат 6-сынып оқушысы, жараланғандар арасында төрт мектеп оқушысы мен мектеп әкімшілігінің бір қызметкері бар. Зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы ауыр.

Deutsche Welle дерегінше, атыс жасаған оқушы өз-өзіне қол жұмсаған.

Полиция сонымен қатар мектеп ғимаратының ішінен жарылмаған қолдан жасалған жарылғыш затты тапты, ол залалсыздандырылды, деп хабарлады мемлекеттік қауіпсіздік департаментінің өкілі Митч Мортведт баспасөз мәслихатында.

Атыс қысқы каникулдан кейінгі оқудың бірінші күні болған. Қылмыстың себебі қазірге белгісіз.