French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ әскери ұшағы Невада штатында апатқа ұшырады
12:05 / 2021-05-25

АҚШ-тың әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Лас-Вегас маңындағы Неллис әскери-әуе базасынан шыққаннан кейін Невада штатында апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты.

«24 мамырда Неллис әуе базасынан көтерілген қосалқы мердігердің бақылауындағы ұшақ шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-да базаның оңтүстік шекарасынан тыс жерде құлады», - деп хабарлады Twitter-де әуе күштері базасы.

Ұшақты американдық Draken компаниясының ұшқышы басқарғаны хабарланды. Компания өкілдері қайтыс болған адамның отбасына көңіл айтқан. Апатқа болған ұшақтың бортында басқа ешкім болмағандығы айтылған хабарда.

АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің хабарлауынша, құлаған ұшақ француздық «Dassault Aviation» компаниясы шығарған Mirage F-1 жойғыш ұшағы болған. Апаттың ықтимал себебі туралы әзірше ақпарат берілмеген.