АҚШ-тың республикашыл сенаторы Митт Ромни Қытайдың АҚШ-қа тағып отырған айыптауларына жауап ретінде 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жасауға және көрермендер мен делегацияны Қытайға жібермеуге шақырды.
Ромнидің айтуынша, американдық спортшыларға Бейжің Олимпиадасына қатысуға тыйым салу Қытай үкіметіне қарсы күресте көмектеспеуі мүмкін. Сондықтан ол Қытайға экономикалық және дипломатиялық бойкот жариялау үшін, американдық көрермендердің Олимпиадаға баруына тыйым салып, спорттық шарадан үзінді көрсетпеу ұыснысын білдірген.
Сенатор Ромни бұдан бөлек, Қытайдың Гонконгқа қатысты саясатын, ұйғырларды қыспаққа алып, оппозицияның пікір білдіруіне жол бермеу үшін оның Олимпиада өткізуге құқығы жоқ екенін айта отырып, бойкотқа басқа одақтастарды шақыру керек деген.
Әзірше АҚШ өзінің ұлттық құрамасының Бейжің Олимпиадасына қатысуы туралы соңғы шешім қабылдаған жоқ. Мұны жақында ақ үй баспасөзі хабарлаған. Ал, АҚШ-тың құқық қорғаушылары мен Конгресстің бірқатар мүшелері үкіметті Қытайдағы ұйғырлардың геноцидіне қатысты айыптауларға байланысты Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауға шақырған болатын.
Мұндай пікірлерге байланысты Қытай үкіметі өз атына айтылған бұл айыптауларды жоққа шығарып, елдің ішкі істеріне араласпауға шақырған.