АҚШ Қытайдың ұйғырларға қарсы әрекетін «геноцид» деп жариялады
АҚШ билігі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) ұйғырларға қарсы әрекеттерін «геноцид» және «адамзатқа қарсы қылмыстар» деп санайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео сейсенбі күнгі мәлімдеме жасап, «Қолда бар фактілерді мұқият зерттей келе, мен Қытайдың Шыңжаңда кем дегенде 2017 жылдың наурызынан бастап адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген қорытындыға келдім. Сонымен қатар, ҚХР сол жерде геноцид жасады деген ойрамын», - деген ол.
Помпеоның мәлімдемесі Вашингтонда әкімшілік ауысқанға дейін бір күн бұрын таратылды. Еске салар болсақ, 20 қаңтарда АҚШ астанасында жаңадан сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясы өтеді.