АҚШ құрамасы баскетболдан Олимпиада чемпионы атанды
7 тамызда Токиода ерлер арасындағы баскетболдан олимпиадалық турнирдің финалы өтіп, онда АҚШ пен Франция құрамалары кездесті.
Финал қорытындысы 82:87 есебімен АҚШ құрамасының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, АҚШ командасы қатарынан төртінші рет Олимпиада ойындарының алтынын жеңіп алды - американдықтар бұған дейін Бейжің-2008, Лондон-2012 және Рио-де -Жанейро -2016 Олимпиадаларын жеңіп алған болатын.
Айта кету керек, Олимпиадалық турнирдің топтық кезеңінің бірінші матчында АҚШ құрамасы Франциядан ұтылған еді, бірақ финалда олар кездесуді жеңіпен аяқтады.