АҚШ Қорғаныс министрі Пентагонға бюджетті қысқарту жоспарын әзірлеуді тапсырды
АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагон мен елдің әскери басшылығына қорғаныс бюджетін қысқарту бойынша жоспар әзірлеуді бұйырды.
Бұл туралы «The Washington Post» хабарлады.
Жоспарға сәйкес, келесі бес жыл ішінде қорғаныс бюджеті жыл сайын 8 пайызға қысқартылуы тиіс.
Қорғаныс саласын оңтайландыру жобасы 24 ақпанға дейін дайын болуы керек. Пентагон басшысының нұсқауында 17 тармақтан тұратын қысқарту шаралары қарастырылған. Олардың қатарына: оңтүстік шекарада әскери операциялар жүргізу, яролық қару мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жаңғырту, суасты қайықтарын, ұшқышсыз ұрыс ұшақтарын және әртүрлі оқ-дәрілерді сатып алу кіреді.
Бұл өзгерістерді Трамп әкімшілігі жоюға ниетті.
Айта кетейік, Пентагонның 2025 жылғы бюджеті шамамен 850 миллиард долларды құрайды.