АҚШ құны 4,21 миллиард долларлық жойғыш ұшақтарын Иорданияға сатады
АҚШ Мемлекеттік департаменті Иорданияға F-16 жойғыш ұшақтарын сатуға рұқсат берді. Келісімшарттың құны 4,21 миллиард долларды құрайды,
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, АҚШ 4,21 миллиард доллар суммаға Иорданияға 12 F-16C Blok 70 ұшағы, төрт F-16D Block 70 ұшағы, бес қосалқы қозғалтқыш және техникалық қызмет көрсету жабдықтарын жеткізбек.
Мемлекеттік департамент бұл келісімшарт Иорданияның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі, бірақ аймақтағы күштер балансын өзгертпейді деп санайды.
«Егер АҚШ Конгресі 30 жұмыс күні ішінде бұл шешімге тосқауыл қоймайтын болса, АҚШ әкімшілігі мәмілеге қатысушы елмен сату пакетінің мазмұнына қатысты келіссөздерді бастайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша, АҚШ тапсырыс берушіге келісім толық жазылған хат жібереді.Осы ұсынысқа оң жауап болған жағдайда жеткізу басталады», - делінген хабарламада.