АҚШ қарулы күштерінің қолбасшысы Өзбекстанға келді
Өзбекстан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бахадир Курбанов АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Майкл Курилланы қабылдады.
Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында өткен екіжақты ынтымақтастық кездесуінде генерал-лейтенант Бахадир Курбанов генерал Майкл Курилланы Өзбекстанға сапарымен құттықтап, екі ел арасындағы қорғаныс саласында қалыптасқан достық қарым-қатынастардың нығайып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар әскери саладағы жетістіктер мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланған мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндіктерін талқылады, делінген ресми хабарламада.