Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Қадыровқа қарсы санкциялар енгізді
15:20 / 2022-09-19

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге, оның ішінде Қадыров пен оның отбасы мүшелеріне қарсы жаңа санкциялар енгізген.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров, оның қызы Айшат, Карина және Табарик Қадыровтар, оның әйелі Медни Кадырова, сондай-ақ Фатима Хазуева мен Аминад Ахмадова (АҚШ Қаржы министрлігі оларды Қадыровтың «әйелдері» деп санайды) Украинадағы оқиғаларға байланысты санкциялар тізіміне енгізілген.

Рамзан Қадыровтың өзі адам құқықтарын бұзғаны үшін 2017 жылдан бері АҚШ тарапынан санкцияға ұшыраған. Сонымен қатар, Магнитск актісі бойынша Шешенстан басшысы Канада, Австралия, ЕО, Жапония, Швейцария және Ұлыбританияның санкциялық тізімінде.

«Қадыров Владимир Путинмен қарым-қатынасының нәтижесінде үлкен активтерге ие болды», - деп хабарлады АҚШ Қаржы министрлігі. Оның БАӘ-де үйі, жеке хайуанаттар бағы, қымбат көліктері бар.