АҚШ-қа виза алушылар үшін жаңа тәртіп енгізілді
Бұған дейін ноиммиграциялық визаға және сұхбаттан өтуге кез келген елде тұрып өтініш беруге болатын.
АҚШ ноиммиграциялық визаға өтініш берушілер үшін тәртіпті жаңартты. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады.
«АҚШ ноиммиграциялық визасын (NIV) алғысы келетіндер сұхбаттан өз еліндегі немесе өзі тұрып жатқан мемлекеттегі АҚШ елшілігі немесе консулдығында өте алады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін мұндай визаға және сұхбаттан кез келген елде тұрып өтініш беруге мүмкіндік болған.
АҚШ Ресейде тұрақты иммиграциялық виза рәсімдеу жұмысын жүргізбегендіктен, ресейліктер Астана мен Варшавада өтініш бере алады.
Тағы 16 мемлекет, соның ішінде Беларусь пен Украина азаматтары да визаға өтініш беру үшін басқа елдегі АҚШ елшілігі немесе консулдығына жүгінулеріне тура келеді.