Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-қа қараша айынан келетін шетелдіктерден толықтай екпе алғандық талап етіледі
09:41 / 2021-09-21

АҚШ үкіметі қараша айынан бастап елге кіретін барлық шетелдіктерді коронавирусқа қарсы толық егілгендік және сапарға дейін 3 күннен аспайтын теріс тест нәтижесін талап етеді.

Ақ үйдің коронавирус бойынша үйлестірушісі Джефф Зинцтың журналистерге берген мәліметінде, жолаушылар АҚШ-қа баратын рейске отырар кезде вакцинация сертификатын ұсынуы қажет. 

Associated Press-тің хабарлауынша, халықаралық рейстердің толық вакцинацияланған жолаушыларынан Құрама Штаттарға келгеннен кейін карантинге жату талап етілмейді. Егер шетелден келген американдықтарға коронавирусқа қарсы вакцинация алмаған болса, онда олар сапарға бір күн қалғанда және АҚШ-қа келгеннен кейін коронавирусқа тексеруден өтуі керек.

Қазіргі уақытта, АҚШ үкіметі коронавирустың таралуын болдырмау үшін соңғы екі аптада бірқатар елдер, Ұлыбритания, Шенген аймағы елдері, Ирландия, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Африка, Иран және Бразилиядан келетін шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынған. Мұндай шаралар алғаш рет АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі кезінде жарияланды. 

CNBC мәліметінше, бұл талаптар қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуге бағытталған.

Пандемия басталғалы АҚШ-та 692 мың коронавирус өлімі тіркелді. Американың жұқпалы аурулардың бас маманы Энтони Фаучидің айтуынша, 70 миллионға жуық американдық әлі вирусқа қарсы екпе алмаған.