АҚШ президенті Киевке келді
АҚШ президенті Джо Байден алдын ала хабарланбаған сапармен Киевке келді.
«АҚШ президенті Байден Киевке келді», - делінген «Украинская правда» хабарламасында.
Кейін бұл сапарды президент Зеленскийдің өзі растады. «Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз барлық украиндықтар үшін қолдаудың өте маңызды көрінісі», - деп жазды ол Telegram-да бірге түскен суретін жариялап.
The New York Times газетінің хабарлауынша, президент Байден Польшадан пойызбен Киевке бір сағат жол жүрген. Оның сапары қауіпсіздік мақсатында жарияланбаған. Бұл оның 2020 жылдан бері Украина астанасына бірінші сапары.