Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Мәртебелі мырзаға.
Құрметті Президент мырза!
Сізді және Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құтттықтап, бақыт пен береке тілеймін.
Ауғанстандағы соғысты тоқтататын және тұрақты әрі дипломатиялық шешімді қамтамасыз ететін бейбітшілік процесін қолдауға бағытталған бірлескен күш-жігерімізде Наурыз бейбітшіліктің өте маңызды игілік екенін еске салады.
Биыл Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Соңғы жылдары сіз айтарлықтай реформалар жасадыңыз және менің әкімшілігім осы табысты жалғастыру үшін сіздің елмен жұмыс істеуге дайын.
Біз бұдан бес жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің басшылығымен басталған «С5 + 1» диалогы шеңберіндегі ынтымақтастығымызды жалғастыруға үміттіміз.
Сізге және Өзбекстан халқына осы жаңа жылда және жаңа көктемде ең жақсы тілектерімді білдіремін.
Наурыз құтты болсын!
Құрметпен,
Джозеф Робинетт Байден,
Америка Құрама Штаттарының Президенті