Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан әскерлерін шығара бастады
08:44 / 2021-04-26

Америка Құрама Штаттары мен бірқатар НАТО елдері Ауғанстандағы бірнеше базадан өз әскерлерін шығара бастады.

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Скотт Миллер бұл туралы Кабулдағы конференцияда мәлімдеп, «Біз бірқатар базалардан әскерлерді шығаруды бастадық», деген.

Оның айтуынша, әскери базалар Ауғанстан үкіметі күштеріне беріледі.

Миллер өз сөзінде, тәліптердің зорлық-зомбылықты күшейтуіне алаңдаушылық білдіріп, егер жағдай 1 мамырдан кейін жалғаса берсе, «бұл Тәліптердің қатесі» болуын мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон өзінің әскери күштерін Ауғанстаннан 1 мамырда шығаратынын және бұл процесс 11 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлағанын мәлімдеген.

Ал бұдынғы президент Дональд Трамп кезінде АҚШ әскерлерін Ауғанстаннан 2021 жылдың 1 мамырына дейін шығаруға келіскен болатын.