Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Нигердегі елшілігін жартылай эвакуациялады
09:53 / 2023-08-04

АҚШ Мемлекеттік департаменті Нигердегі жағдайға байланысты Американың елдегі елшілігінің кейбір қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Нигерден кетуге бұйрық берді.

Дипломатиялық миссия сайтындағы дерек бойынша, елшілік шектеулі негізде жұмысын жалғастырады және «Нигердегі американдық азаматтарға ғана шұғыл көмек көрсете алады», - делінген хабарламада.

Еске салар болсақ, 26 шілдеде Нигерде бір топ әскерилер көтеріліс жасап, Мұхамед Базумның президенттіктен шеттетілгенін, сондай-ақ коменданттық сағат енгізілгенін, конституцияның тоқтатылатынын және саяси партияларға тыйым салынғанын жариялады. 28 шілдеде олар генерал Абдуррахман Тциани мемлекет басшысы болғанын хабарлады. Батыс Африканың экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) төңкерісті айыптап, көтерілісшілерге конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге бір апта уақыт берді.