АҚШ мигранттарды бақылау бағдарламасын кеңейтті
АҚШ Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) мигранттарды қадағалау бағдарламасының бюджетін 180 миллион доллардан 280 миллион долларға дейін ұлғайтты.
Хабарға қарағанда, мердігерлер, соның ішінде жекеменшік тергеушілер депортациялануы тиіс адамдардың тұрғылықты жерін және жұмыс орнын тексереді. Бақылау әдістері олардың мекенжайларын суретке түсіруді, күнделікті әрекеттерін құжаттауды және жұмыс орнындағы белсенділігін бақылауды қамтиды.
Бағдарламаның кеңеюі Трамп әкімшілігінің мигранттарға қатысты қатаң шараларымен қатар жүргізіліп отыр. Олардың қатарында құжатсыз шетел азаматтары үшін федералдық салық жеңілдіктерін жою, 19 ел азаматтарының «жасыл карталарын» қайта қарау және АҚШ президентінің барлық «үшінші әлем» елдерінен иммиграцияны «тұрақты түрде тоқтатып тұру» жөніндегі бастамасы бар.