АҚШ Өкілдер палатасы 2022 жылға 768 миллиард долларды құрайтын қорғаныс бюджетін қабылдады.
АҚШ Өкілдер палатасы 2022 жылға 768 миллиард долларды құрайтын қорғаныс бюджетін қабылдады. Атаулы құжат Ресей мен ресейлік шенеуніктердің суверенді қарызына қарсы санкциялар енгізуді қарастырады.
Атап айтқанда, американдық инвесторлардың қайталама нарықта ресейлік облигациялардың жаңа шығарылымдарын сатып алуға немесе сатуға тыйым салу ұсынылған. Тыйым 14 күн немесе одан да ұзақ мерзімді Ресей Орталық банкі, Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ресей Федерациясының Федералды қазыналығы шығаратын кез келген валютадағы облигацияларды қамтиды.
Сондай-ақ, құжатта АҚШ президенті әкімшілігінің ұсынысымен 35 ресейлікке санкция енгізу туралы түзету енгізілген болып, олардың арасында премьер-министр Михаил Мишустин, Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, кәсіпкерлер Роман Абрамович пен Алишер Усманов, сондай-ақ RT арнасының бас редакторы Маргарита Симонян мен тележүргізуші Владимир Соловьев бар.