АҚШ Конгресі Трампты президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді
АҚШ Конгресі республикашыл Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жеткенін ресми түрде мақұлдады.
Бұл туралы заң шығарушылардың бірлескен отырысында хабарланды.
Белгілі болғандай, 5 қарашада өткен сайлауда 312 сайлаушы дауысына ие болған Трампқа жалпы 77,3 миллион адам дауыс берген. Ал жеңіліс тапқан демократ Камала Харрис 226 сайлаушының қолдауына және 75 миллион дауысқа ие болды.
Инаугурация рәсімі 20 қаңтарда өтеді. АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті ретінде тарихта қалатын Трамп XIX ғасырдан бері төрт жылдық үзілістен кейін Ақ үйге қайта оралған алғашқы саясаткер атанды.