French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ келушілер үшін COVID-19 вакцинациясына қойылатын талаптарды алып тастады
09:46 / 2023-05-12

АҚШ әкімшілігі 12 мамырдан бастап Құрама Штаттарға келетін шетел азаматтары үшін коронавирусқа қарсы міндетті екпе алу талабының жойылатынын хабарлады.

«Біз әкімшілік 11 мамырдан кейін халықаралық рейстерге келетін федералды қызметкерлерге, федералды мердігерлерге және халықаралық әуе жолаушыларына COVID-19 вакцинациясының міндетті талабын тоқтататынын жариялаймыз», - делінген Ақ үй хабарламасында.

АҚШ елге келетін шетелдіктерден 2021 жылдың қарашасынан бастап толық COVID-19 вакцинациясының куәлігін ұсынуды талап ете бастады. Бұл ретте АҚШ медициналық реттеушісі немесе ДДҰ бекіткен вакциналармен вакцинация туралы сертификаттар ғана қабылданды.

2023 жылдың сәуірінде АҚШ президенті Джо Байден елдегі COVID-19-ға байланысты 2020 жылы енгізілген төтенше жағдайды алып тастады.