АҚШ Канадамен шекарада тағы бір ұшатын нысанды атып түсірді
АҚШ әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Канадамен шекарада тағы бір белгісіз ұшатын нысанды атып түсірді.
Пентагонның баспасөз хатшысы генерал Пэт Райдердің айтуынша, бұл жағдай АҚШ президенті Байденнің нұсқауы бойынша және қорғаныс министрі Остиннің ұсыныстары негізінде F-16 жойғыш ұшағы арқылы AIM9x зымыранымен Мичиган штатындағы Гурон көлінің үстінде шамамен 6000 метр биіктікте ұшатын нысанды атып түсірген.
Генералдың айтуынша, нысан жексенбі күні таңертең табылып, оның артынан «көрнекі және радарлық бақылау» жүргізілген.
Мұндай нысан АҚШ пен Канада аумақтарында төртінші рет атып түсірілді: бұрын екеуі Оңтүстік Каролина жағалауында және Аляска үстінде, біреуі Канаданың әуе кеңістігінде Юкон үстінде жойылды.