АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап Канададан әкелінетін тауарларға 35 пайыздық кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді.
BBC хабарлауынша, аталған мәлімдемеге жауап ретінде Канада Премьер-министрі Марк Карни ел үкіметі жұмысшылар мен отандық кәсіпорындардың мүддесін қорғауды жалғастыратынын жеткізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Канададан кейбір өнімдерге, соның ішінде болат, алюминий және автокөліктерге 25 пайыздық жалпы баж салығы салынған. Бұл тарифтер соңғы жылдары ел экономикасына елеулі қысым түсіріп отыр.
Канада АҚШ-қа экспортталатын дайын өнімнің шамамен 75 пайызын жеткізеді. Сондықтан да бұл шешім Канададағы автомобиль өндірісі мен металл өнеркәсібіне айтарлықтай залал келтіруі мүмкін.
— Егер Канада бізбен бірге фентанил ағынын тоқтату бағытында нақты қадамдар жасаса, біз бұл шешімге өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастырамыз, – деген Дональд Трамп. – Қарым-қатынас деңгейіне қарай тариф мөлшері өзгеруі ықтимал.