Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-Канада шекарасында көлік жарылып кетті
10:22 / 2023-11-23

Федералды тергеу бюросы (ФБР) сәрсенбі, қарашаның 22-сі күні Ниагара сарқырамасы маңындағы АҚШ пен Канада арасындағы «Rainbow Bridge» көпірінде көлік жарылғанын хабарлады.

CNN мәліметінше, жарылыс көпірдің америкалық бөлігінде болып, апат салдарынан көліктегі екі адам қаза тапты. Сонымен қатар, бір АҚШ шекарашысы жарақат алған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның егжей-тегжейлерін жарияламаған. Қазірде тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тан Канадаға бара жатқан көлік қарсы жолақпен жоғары жылдамдықпен шекара бекетіне жақындаған.

Куәгердің айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен келе жатқан - 160 км/сағ. Оның айтуынша, көлік бақылау-өткізу пунктіне жеткенде бір нәрсеге соғылып, жарылған.

Жарылыс кезінде қаза тапқандардың екеуі де көлік ішінде болған Нью-Йорк тұрғындары.