Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ ХҒС-қа үшінші жеке астронавт миссиясын жібереді
10:29 / 2023-12-13

NASA, Axiom Space және SpaceX келесі қаңтарда Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) үшінші жеке астронавт миссиясы Axiom Mission 3 (Ax-3) ұшыруды жоспарлап отыр.

NASA хабарлауынша, экипажды NASA-ның бұрынғы астронавты Майкл Лопес-Алегрия басқарады, ұшқыш ретінде италиялық Вальтер Вилладей тағайындалған. Миссия құрамында екі маман – Түркиядан Альпер Гезеравжы және Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Маркус Вант болады.

Миссия SpaceX Falcon 9 зымыраны мен Флоридадағы NASA-ның Кеннеди ғарыш орталығынан Dragon ғарыш кемесімен ұшырылады.

NASA мәліметтері бойынша, ХҒС-та шамамен 14 күнді қамтитын миссия барысында экипаж жаһандық ұйымдармен бірлесіп әзірленген 30-дан астам микрогравитациялық эксперименттерді аяқтайды.