АҚШ Мысырдың Суэц каналында ірі жүк кемесі тұрып қалып, әлемдегі ең үлкен сауда маршрутының жолын бөгелгеніне орай, осы мәселені шешу үшін мысырлық серіктестерге көмек ұсынды.
«Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Мысыр билігі кемені мүмкіндігінше тезірек жолға салуға тырысып, сол арқылы каналдағы қозғалысты орнына келтіру әрекетін түсінеміз. Дипломатиялық байланыстар кезінде біз мысырлық тарапқа каналдың ашылуына көмектесуді ұсындық», - деді Ақ үй өкілі Джен Псаки жұма күнгі брифинг барысында. Ол осы мәселе бойынша Египетпен консультациялар жалғасып жатқанын мәлімдеген.
Тайванның Evergreen Marine Corporation компаниясы тарапынан басқарылатын Жапондық Shoei Kisen-ге тиесілі Ever Green контейнер кемесі Суэц каналының 151-ші шақырымында Қытайдан Роттердамға бара жатып, 23 наурызда көлденең тұрып қалды. Кеменің ұзындығы 400 метр, ені - 59, жүк көтергіштігі - шамамен 224 мың тонна.
Кеменің осылай тұрып қалуы салдарынан 10 млн баррельге жуық мұнай өнімдерін тасымалдайтын 100-ден астам кеме каналда үлкен кептеліске тап болды. Оның нәтижесінде әлемдік биржада мұнай бағасы едәуір шарықтады.
Алғашында кемені жөнге салу процесі екі күнге созылуы болжанған болса, қазіргі кезде бұл жағдайға апталар кететіні айтылуда.