АҚШ департаменті Германияға F-35 ұшақтарын сатуға рұқсат берді
АҚШ Мемлекеттік департаменті Германияға F-35 жойғыш ұшақтарын сатуға рұқсат берді.
АҚШ қорғаныс ынтымақтастығы агенттігінің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі Германияға бесін ші буын көпмақсатты 35 дана F-35 жойғыштарын сатуға рұқсат берді.
Келісімшарттың жалпы сомасы 8,4 миллиард долларға бағаланған. Германия ұшақтардан басқа қосалқы қозғалтқыштар, жүздеген зымыран мен бомбалар, басқа да жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алатын болады.