АҚШ билігі маймыл шешегі ауруын төтенше жағдай деп жариялады
АҚШ билігі маймыл шешегі ауруын қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялау туралы шешім қабылдады.
«Мен маймыл шешегі ауруына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялаймын. Біз вирусқа қарсы әрекетті келесі деңгейге көтеруге дайынбыз және әрбір американдықты маймыл шешегіне байыпты қарауға шақырамыз", - деп хабарлаған денсаулық сақтау министрі Хавьер Бесерр брифинг барысында.
АҚШ министрінің айтуынша, Құрама Штаттарда бұл аурудың 6,6 мың жағдайы тіркелген.
Қазіргі уақытта әлемнің 78 елінде маймыл шешегінің 18 000-нан астам жағдайы анықталған болып, оның 70% Еуропа елдерінде анықталған.