АҚШ азаматы лотереядан миллиард доллар ұтып алды
Америка Құрама Штаттарында ойнаған «Powerball» лотереясының қатысушысы Калифорнияда сатылған бір билетімен 1,08 миллиард долларлық джекпот ұтып алды.
Лотереяның ресми сайтындағы дерек бойынша, бұл көрсеткіш осы ойын тарихындағы үшінші, ал Америка Құрама Штаттарында ойналған барлық лотереялар арасында алтыншы джекпот.
Сәтті билет иесі 558,1 миллион долларды қазір немесе отыз жыл бойына жыл сайын бөліп ала алады.