Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаруды аяқтады
09:40 / 2021-08-31

Пентагон АҚШ әскерін Ауғанстаннан эвакуациялау процесін аяқтады.

Reuters-тің хабарлауынша, 31 тамызға қараған түні Кабул әуежайынан американдық әскері бар соңғы S-17 әскери ұшағы АҚШ-қа бет алды.

Осылайша АҚШ-тың Ауғанстандағы 2001 жылы басталған әскери операциясы ресми түрде аяқталды. 14 тамыздан бері Кабул әуежайынан 122 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Талибандар 31 тамыз Ауғанстандағы эвакуация процесін тоқтатудың соңғы күні екенін мәлімдеген.

Белгіленген уақыт ішінде Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары Ауғанстандағы операциялар кезінде оларға көмектескен аудармашыларды, журналистерді және құқық қорғаушыларды эвакуациялауға тырысты. Бірақ олардың барлығын Ауғанстаннан шығару мүмкін болмады.

Ауғанстаннан әлемге шығу мүмкін болған жалғыз ғана жылымық нысан - Кабул әуежайыда осылайша Талибанның бақылауына өтті. Енді бұл ұйымның елден кеткісі келетіндерге мұндай мүмкіндік беретін-бермейтіні қазірге белгісіз.