АҚШ-тың «Project C.U.R.E.» және «Boeing» компаниялары Қарақалпақстан халқы үшін қайырымдылық жобасы аясында 3 млн долларлық гуманитарлық көмек жіберді.
Құрамында 3 миллион долларлық медициналық құрал-жабдықтар мен жасанды тыныс алу аппараты бар 40 футтық он контейнер Америка Құрама Штаттарынан гуманитарлық көмек ретінде Қарақалпақстанға жіберілді, делінген «Dunyo» хабарында.
Бұл Қарақалпақстан халқы үшін қайырымдылық жобасы аясында жіберілген гуманитарлық көмек жүгінің алғашқы партиясы болып, оның құрамында 6 тонналық жүк бар. Атаулы жүкті жіберуге арналған Нью-Йорктегі шараға Өзбекстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жавлон Вахобовта қатысып, «Boeing» пен «Project C.U.R.E.» компанияларына Арал өңірінің тұрғындарына көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін алғысын білдірді.
Ал, медециналық жабдықтардан құралған төрт контейнерден тұратын келесі гуманитарлық көмек жүгі жаздың соңына дейін Арал өңіріне жіберілетіні айтылған.