Ассалаумағалейкүм! Армысыз көрермен, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі виртуалды тілшісі сіздерді өткен аптада болған маңызды оқиғалар және жаңалықтармен таныстырады.
<iframe width="1250" height="703" src="https://www.youtube.com/embed/O0d7N227puE" title="Апталық шолу" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>Он сегізінші қараша күні Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының жаңа құрамдағы алғашқы отырысы өтті. Онда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысып, сөз сөйледі. Исмоилов Нуриддин Муйдхонович Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының Спикері қызметіне сайланды. Депутаттар Мавлуда Ходжаева мен Рахимжон Хакимов Спикердің орынбасарлары болып сайланды.
***
Жаңа құрамдағы Сенаттың алғашқы отырысы он тоғызыншы қараша күні Ташкент қаласында шақырылды. Оған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысып, сөз сөйледі. Өзбекстан Конституциясының 101-бабына сәйкес, Президент Олий Мажлис Сенат Төрағасы қызметіне сенатор Танзила Нарбаева кандидатурасын ұсынды. Сенаторлар кандидатураны қолдап дауыс берді. Осылайша, Танзила Нарбаева екінші рет Сенат Төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар, Сенат Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Содиқ Сафоев, Сенат Төрағасының орынбасары қызметіне Аманбай Орынбаев сайланды.
***
Жиырманшы қараша күні Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының Премьер-Министр қызметіне кандидатты қарастыруға арналған мәжліс өтті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Үкімет басшысы қызметіне Абдулла Арипов кандидатурасын ұсынды. Депутаттар Абдулла Ариповты Өзбекстан Республикасының Үкімет басшысы лауазымына мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, Абдулла Арипов 2016 жылдан бері Үкімет басшысы қызметін атқарып келеді.
***
Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары тағайындалды. Ачилбай Раматов және Жамшид Худжаев Үкімет басшысының орынбасарлары болып, Жамшид Қучқоров Үкімет басшысының орынбасары – экономика және қаржы министрі, ал Зулайхо Махкамова Үкімет басшысының орынбасары – Отбасы және қыз-келіншектер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар, жиырма министрлікке министрлер де тағайындалды. Бұл сайлау алдындағы министрлер құрамында өзгеріс болмады.
***
Екі мың жиырма бесінші жыл Өзбекстанда «Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономика жылы» деп жарияланды. Бұл ұсынысты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының отырысында айтты. Жиналғандар бұл бастаманы толық қолдады. Өзбекстан Үкіметі жыл атауында белгіленген ең маңызды міндеттер бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлейтін болды.
***
Он сегізінші қарашада Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туы қабылданғанына 33 жыл толуына орай рекордтық өлшемде – жүз метрлік ту Хорезмнен Ташкентке қарай жолға шықты. Өзбекстан туы бірнеше күн бойы Хорезм Ичан қаласы, Бұхара Аркі және Самарқандтағы Регистан алаңында бір топ әскери қызметкерлер, жастар мен басқа да өзбекстандықтар қолында желбіреп Ташкентке қарай жол тартты. Жүз метрлік ту он сегізінші қарашада соңғы бағыты – Ташкентке жетті.
***
Бүгінге жеткізбек болған хабарымыз осылар еді. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі жаңалықтарын қарай жүріңіз.