Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Apple және Nike Ресей нарғында жұмысын тоқтатты
09:40 / 2022-03-02

Apple және Nike компаниялары Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейде жұмысын тоқтатты.

News Sky-тің хабарлауынша, Apple басшылығы Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына жауап ретінде өз өнімдерін Ресейде сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Ендігіде ресейлік RT және Sputnik News үгіт-насихат агенттіктерінің қолданбалары Ресейден тыс Apple Pay жүйесінде қолжетімді емес.

Ресей нарғында жұмысын тоқтату туралы шешімді американдық спорттық киім мен аяқ киім өнімдерін шығаратын Nike бренді де қабылдады.

«Nike қазір Ресейдегі тұтынушыларына өнім жеткізуге кепілдік беремейді. Нәтижесінде Nike.com веб-сайты мен Nike қолданбасынан сатып алулар бұл аймақта уақытша қолжетімсіз», - делінген ресейліктер жіберілген хабарламада.

Бұған дейін Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге салынған санкциялардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ресейлік қаржы институттарын қызмет көрсетуден ажырата бастаған.