Apple және Google адамдардың вируспен байланыста болғанын бақылаушы технологияны жасайды
Коронавирусты анықтаушы жаңа технология ақпараттық қосымшаға енгізіледі
Apple және Google компаниялары «COVID-19» коронавирусын жұқтырған адамның кіммен байланыс жасағанын анықтауға көмектесетін технологияны жасау үшін күш біріктіруде.
Бұл технология пайдаланушылар қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді және олардың жеке өміріне мүлдем қол сұғушылық құқығын бұзбайтын болып, оның іске қосылуы бірнеше айға созылуы мүмкін, дейді біріккен компаниялар сайтында.
Жаңа технология ауруға шалдыққан адамдардың контактілерін анықтауда пайдалы және ел аумағында тәжіндетінің тарауын тоқтатуға көмектесетін болып, ол екі кезеңде іске қосылады.
Алғашқыда Android және iOS платформасының өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама жасалады. Бұл бағдарламаны мамыр айында аяқтау жоспарланған болса, екінші кезеңде компаниялар Bluetooth негізінде жұмыс жасайтын арнайы платформада жұмыс істейді. Дәл осы құрылғы науқастар кіммен байланысқа түскенін қадағалап отырады. Компания мамандарының айтунша екінші кезеңдегі жұмыстың аяқталуы бірнеше айға созылады деп болжауда.
Коронавирусты анықтаушы жаңа технология ақпараттық қосымшаға енгізіледі және ауру жанның жақын күндері кіммен байланыста болғаны адамдарға жіберіледі.