«Apple» компаниясының Өзбекстанда ресми кеңсесі ашылады
ІТ комапиялардың гиганты саналатын «Apple» жақын күндері Өзбекстанда ресми кеңсесін ашады. Бұл жөнінде Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің ақпараттық қызметінің бастығы Шерзод Ахматов мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда әлемдегі технология саласында ТОП-10 енетін «Samsung» компаниясының Өзбекстанда төрт ресми кеңсесі бар. Жақын күндері «Apple»-дің ресми кеңселері де ашылады деп жоспарлануда. Бұл өзбекстандықтар үшін де қолайлы, өйткені «Apple» сынды үздік компанияның қызметінен пайдалану мүмкіндігі пайда болады», деген Шерзод Ахматов.
Оны айтуынша соңғы 1 жыл ішінде ел аумағына ұялы телефондардың импорты 10 пайызға өскен. 2020 жылдың қаңтары мен 1 қарашасы аралығында Өзбекстанға 781,7 мың ұялы телефон импортталған.