Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Apple» компаниясының капиталы 180 млрд долларға төмендеді
18:37 / 2020-09-04

АҚШ-тың сауда-саттық нәтижесіне орай, «Apple» акциялары 8 пайызға төмендеп компанияның капитализациясы 180 миллиард долларға төмендеді


3 қыркүйектегі АҚШ-тың сауда-саттық нәтижесіне орай, «Apple» акциялары 8 пайызға төмендеп компанияның нарықтық капитализациясы 180 миллиард долларға дейін төмендеді.

«Barron's» басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың фонд биржасы бейсенбі күні маусым айының басынан бері ең үлкен құлдырауға ұшырады. Ондағы ең жоғары көрсеткіште капиталы арзандаған компания «Apple». Ақпараттық технологиялар саласындағы алып компания бір тәулікте 180 млрд долларлық капиталыана айырылған. Бұл АҚШ нарық тарихында бір тәулікте рекордты деңгейде құлдырау деп табылған. Бірақ сондада «Apple» компаниясының капиталы 2 трлн доллардан жоғары балансты сақтап қалған.

Қалған американдық IT-компаниялар да бағаның айтарлықтай төмендегенін көрсетті: «Microsoft» акциялары 6,19 пайыз, «Google» - 5 пайыз, «Amazon» - 4,63 пайыз, «Facebook» - 3,76 пайызға төмендеген.

Мұндай құлдыраулар нарықта кездесіп тұратын жағдай. 2008 жылда «Volkswagen» компаниясы 153 млрд доллар жоғалтқан болса, бүгінге дейінгі ең жоғары капиталдың төмендеуі өткен жыл «Facebook» компаниясында болған, сол кезде әлемдік интернет желісінің көшбасшысы 119 млрд долларлық капиталынан айырылған еді.