Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Apple компаниясы өзінің M1 процессорын қолданған алғашқы ноутбукты таныстырды
13:58 / 2020-11-11

Apple компаниясы 10 қарашада биылғы үшінші презентациясын өткізіп, онда Apple компьютері мен ноутбугына арналған өзінің M1 процессорын, сондай-ақ осы процессор негізінде жасалған MacBook Air және MacBook Pro ноутбуктарын таныстырды.

M1 деп аталатын процессор 5nm технологиясының көмегінде жасалған. Онда 16 миллиард транзистормен көмегінде, ол жаңа MacBook Air-дің графикалық өнімділігін бес есеге арттырады және Windows жүйесіндегі ноутбуктардан 98% жылдамырақ жұмыс істейді. Сонымен қатар энергияны өте аз жұмсайды.

Apple M1 құрамында Apple T2 қауіпсіздік микросхемасы және Thunderbolt / USB4 енгізу-шығару контроллері бар. Процессор секундына 11 триллион операцияны орындай алу мүмкіндігіне ие. Мұндағы тағы бір ерекшелік жаңа ноутбукта желдеткіш болмайды. 

Жаңа MacBook Air ноутбугының базалық құны 999 долларды құраған. Ал, MacBook Pro-ның бастапқы бағасы 1299 долларға бағалануда.

Еске салар болсақ, бұл Apple компаниясының осы күздегі үшінші таныстырылымы болды. Бұған дейін компания қыркүйекте Apple Watch Series 6, SE смарт сағаттарын, iPad және iPad Air планшеттерін таныстырды. Қазан айында өткен екінші презентация толығымен iPhone смартфондарына арналды. Онда компания 4 жаңа смартфонды ұсынды: 12 mini, 12, 12 Pro және 12 Pro Max.