Apple компаниясы 2020 жылғы жаңа өнімдерін таныстырды
Apple компаниясы жыл сайынғы дәстүрлі қыркүйектегі таныстырылымында ақылды сағаттар мен iPad-тың жаңа буынын көрсетті
Apple компаниясы жыл сайынғы дәстүрлі қыркүйектегі таныстырылымында ақылды сағаттар мен iPad-тың жаңа буынын көрсетті.
Тұсаукесердің басында корпорация директоры Тим Кук смарт-сағаттардың жаңа буыны - Apple Watch Series 6-ны таныстырды. Оның ерекшелігінде адамның физикалық жағдайын бақылауға үлкен мән берілген. Алайда, сыртқы көрінісінде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Смарт-сағаттың 6 буыны екі ядрлы S6 процессорына ие болып, оның базалық құны 400 долларға бағаланған.

Бұл бағаны қымбат санайтындарға арнап Apple компаниясы тұсаукесерде оның арзан SE нұсқасында көрсетті. Ақылды сағаттың бұл түрі S5 процессорымен жабдықталған. Оның бағасы 280 доллар. Компания өкілдерінің айтуынша бұл ақылды сағат көбіне балалар мен қарияларға қолайлы.
Жаңа түрдегі Apple Watch Series 6 мен SE нұсқасының қорабында USB зарядтаушысы болмайды. Смарт-сағаттың иесі оны бөлек сатып алуына тура келеді.
Apple компаниясы смарт-сағаттардан бөлек iPad-тың жаңа буыны iPad 2020 және iPad Air 2020 көрсетті. Компанияның мәліметі бойынша бұл алдыңғыларына қарағанда мүлдем өзгеше құрылғылар.
Алғашқы iPad 2020 гджетінің экраны 10,2 дюйм, A12 Bionic жадымен жабдықталған болып АҚШ нарығында 329 доллармен сатылымға шығатын болған.

Ал, iPad Air 2020 біршама өзгешелу. Өйткені оған A14 Bionic процессоры орнатылғанына байланысты, бұған дейінгілерге қарағанда 30-40 пайызға жылдамырақ. Экраны 10,9 дюйм. Оның бағасы 599 доллар