English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Apple компаниясы iPod Touch өндірісін тоқтатты
17:43 / 2022-05-11

Apple компаниясы алғанш рет 2001 жылдың қазанында сатылымға шығарған iPod Touch өндірісін тоқтатады.

Компания мәлімдеуінше, музыкалық ойнатқыштың тәуелсіз өнім ретінде қажеттілік мүмкіндігі азайған. Себебі оның функциялары смартфондар мен планшеттердің ажырамас бөлігіне айналды.

iPod Touch құрылғылары дүкендер қорында таусылғанша сатылымда болады.

Музыка әрқашан Apple үшін ең маңызды салалардың бірі боып келген. iPod оны дүние жүзіндегі жүздеген миллион пайдаланушыларға жеткізу бойынша музыка индустриясына әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге музыканы табу, тыңдау және бөлісу жолын қайта ашты, деген Apple компаниясының маркетинг жөніндегі аға вице-президенті Грег Жосвияк.

iPod touch-тың соңғы буын қазіргі уақытта 200-400 доллар аралығында сатылуда.