English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Apple компаниясы IPhone 12 mini өндірісін тоқтатады
09:16 / 2021-02-08

Apple компаниясы 2020 жылдың күзінде сатылымға шығарған соңғы үлгідегі гаджеттерінің бірі IPhone 12 mini өндірісін тоқтататынын жариялады.

5,4 дюймді OLED дисплейімен жабдықталған ұялы байланыс аппараты 2021 жылдың екінші тоқсанында тоқтайды. Ол соңғы үлгідегі шыққан флагмандар арасындағы ең арзаны болса да , сатылымы 6 пайыздан аспаған. 

«JPMorgan Chase» инвестициялық банкі Apple компаниясының соңғы буын смартфондарының болашағы туралы болжамын жариялады. Кейбір модельдерге сұраныстың аздығына байланысты Купертинолар өндірісін қысқартуға, тіпті, мүмкін, олардың біреуінен бас тартуға мәжбүр болады, дегенді айтты. 

Инвестициялық банк сарапшылары өздерінің жеткізілім тізбегіне сілтеме жасай отырып, «нарықтағы сұраныстың аздығы мен жаһандық сатылымның төмендігіне байланысты, 2021 жылдың екінші тоқсанында Apple iPhone 12 mini сатылымын мүлдем тоқтатады» дейді 3dnews мәліметінде.