АПЛ маусымы аяқталды. Еурокубоктарға кімдер жол алды, лигамен қай клуб қоштасты...
Чемпиондар лигасына «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», және «Челси» клубтары жол алды
Англия Премьер-лигасының 2019/20 футбол маусымы аяқталып, Еурокубоктарға жолдама үшін талас соңғы 38-турға дейін жалғасты.
Чемпиондар лигасына АПЛ маусымында мерзімінен бұрын жеңімпаз атанған «Ливерпуль» клубынан кейін «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», және «Челси» клубтары жол алған болса, Еуропа лигасына «Лестер», «Тоттенхэм» клубтары қатысатын болды.
Бұдан бөлек Англия кубогы финалында «Арсенал» жеңіске жетсе Еуропа лигасына шығу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Егер жеңілсе оның орнына АПЛ-ді 7-орында аяқтаған «Вулверхэмптон» клубы иеленбек.
Биылғы маусымда нашар ойын көрсеткен «Борнмут», «Уотфорд» және «Норвич» клубтары Премьер лигамен қоштасып, олар орнына «Лидс», «Вест Бромвич» (3-ші клуб іріктеуден кейін анықталады) клубтары келесі маусымды жалғастыратын болды.
АПЛ-дің 2019/20 маусымында 23 гол соққан 33 жасты «Лестер» шабуылшысы Джеймс Варди үздік сұрмерген атанып АПЛ «Алтын бутсасымен» марапатталған болса, «Алтын қолғап» «Манчестер Сити» қақпашысы бразилиялық Эдерсон Мораеске нәсіп етті.

