АПЛ клубтары Англия кубогы мен лига кубогын реформалауды қарастыруда
Ағылшын Премьер-Лигасының (АПЛ) клубтары ел кубогы мен лига кубогы форматын өзгерту мүмкіндігін қарастыруда.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, клубтар Англия Кубогының үшінші және төртінші раундтарында қарымта кездесулерді өткізуді тоқтатқысы келеді. Сондай-ақ Еуропалық жарыстарда ойнайтын командалардың Лига кубогына қатыса алмайтындығы немесе 21 жасқа дейінгі ойыншылардың алаңға шығуына рұқсат беретін нұсқа қарастырылуда.
Осы аптада өтетін Премьер-Лига акционерлерінің жиналысында бұл мәселелер талқыланады деп күтілуде. Лига сонымен қатар командалар үшін матчтар санын қысқартуға және лигадан шыққан клубтарға төленетін төлемдер мен АПЛ-ге бөлінген қаражат мөлшерін реформалауға үміт білдірген.
Өзгерістер күшіне енетін болса, бұл қағида 2024/25 маусымының басынан басталады.