АПЛ: Кешіккен ойын
Кеше түнде Олд Траффордта Англия Премьер-лигасының кейінге шегерілген 31-тур ойыны өтті. Онда «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады
Кеше түнде Олд Траффордта Англия Премьер-лигасының кейінге шегерілген 31-тур ойыны өтті. Онда «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдап 0:2 есебінде жеңілді.
Бұл ойын АПЛдің осы маусымдағы жеңімпаз командасын анықтайтын қызықты ойындардың бірі болатын. Анықтап айтқанда, МСді АПЛдің және бір күшті клубы Ливерпуль қуып келеді. Десе де, Манчестер Сити ендігі бар күшін осы АПЛді жеңіп алуға қаратқанын кешегі ойыннан байқаған боларсыз. Себебі МС Чемпиондар Лигасынан шығып қалғанан кейін бар күш жігерін АПЛге қаратқаны сөзсіз.
Кешегі жеңістен соң Манчестер Сити 89 ұпаймен АПЛде бірінші болып тұрса, 88 ұпаймен Ливерпул екінші орында келеді. Бірақ алда Ливерпульді Чемпиондар Лигасы күтіп тұр. Соған байланысты Юрген Клопп өзінің негізгі құрамасын Чемпиондар Лигасы жолында құрбан етеме әлде АПЛге арнайма?
Бұл сұрақ қазірдің өзінде неміс маманын қинап тұрған болса таң қалмаңыз. Себебі өткен жылғы Чемпиондар Лигасындағы финалдық кездесу әлі күнге көз алдынан кете қоймаған шығар. Сондықтан Манчестер Ситиге қарағанда Ливерпульдің қазіргі жағдайы «өгіз бен арба» секілді болып қалмадыма екен...