Анвар Анваров Брильянт лигада алтын медаль жеңіп алды
Швейцарияның Лозанна қаласында өткен беделді жеңіл атлетика турнирі - Бритльянт лига жарысында өзбекстандық жеңіл атлет Анвар Анваров (ұзаққа секіру) алтын медальге қол жеткізді.
Ол 7,84 метр қашықтыққа секірген, бұл жарыста ең жақсы көрсеткіш болды. Екінші орынды жергілікті спортшы Симон Эхаммер (7,72 м) иеленсе, 2019 жылғы әлем чемпионатының иегері Ямайка атынан Тимей Гейл (7,71 м) үшінші орын алды.
Осы жеңісімен Анвар Анваров Сафина Садуллаевадан кейін Брилянт лига турнирінде жеңіске жеткен екінші өзбек спортшысы атанды.
Айта кетейік, Анвар Анваров бұған дейін Венгрияда өткен бірқатар маңызды турнирде 8,05 метр секіру нәтижесімен қола медаль иеленген болатын.