Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Анталияда тау-шаңғы курортындағы өрттен кейін 50 қонақ үй жабылды
10:54 / 2025-01-31

Түркия мәдениет және туризм министрлігі 81 өңір басшыларына шұғыл хат жіберді. Хатта тіркеусіз және лицензиясыз жұмыс істеп жатқан барлық объектілерді жабуға нұсқау берілген.

Түркияның солтүстігіндегі Болу облысында орналасқан «Карталкая» тау-шаңғы курортында болған үлкен өрт Анталия облысында 50 қонақүйдің жабылуына себеп болды, деп хабарлайды NTV Haber.

«Анталияда муниципалитет ресми өкілдері Калеичи және оның айналасында орналасқан 50 қонақүйді жапты», — делінген хабарламада. Қонақүйлер иелері бұл туралы хабардар етілген.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Түркия мәдениет және туризм министрлігі 81 аймақ басшыларына шұғыл хат жіберіп, онда тіркеусіз және лицензиясыз жұмыс істеп жатқан барлық объектілерді жабу қажет екенін айтқан. Сонымен қатар, кәсіпкерлерден ресми органдарға туристік қызмет көрсету үшін берілген сертификатты ұсыну талап етілген.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Түркияның Болу облысындағы «Карталкая» тау-шаңғы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде өрт шыққан. Салдарынан жалпы 78 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алған. Осы қайғылы жағдайға орай 22 қаңтарда елде аза тұту күні жарияланды.

T24 ақпарат көзінің мәліметінше, қонақүйде өрт дабылы және түтінді бақылау жүйесінде, сондай-ақ эвакуация жолдарында қауіпсіздік ережелері бұзылғаны анықталған. Өрт асханадан басталған. Құрбандардың көпшілігі газдан уланудан қайтыс болған.