French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Анкарада Өзбекстан мен Түркия бизнес-форумы өтті
13:40 / 2024-06-06

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Түркия Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Анкарада екі елдің іскер топтарының 500-ден астам өкілінің қатысуымен Өзбекстан-Түркия бизнес-форумы өтті.

Іс-шараға Түркия Республикасының Вице-президенті Джавдат Йылмаз, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Джамшид Кучкаров, Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахобов, Түркия сауда палаталары және тауар биржаларының одақ төрағасы Мұстафа Рифат Хисаржигли ұлы қатысты.

Конференцияда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік: Өзбекстан-Түркия ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері», «Өзбекстан-Түркия өңіраралық ынтымақтастық», «Жекешелендіру – экономикалық реформалардың жаңа кезеңі және бизнес үшін мүмкіндіктер», «Өндіріс және геология саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» тақырыбында панельдік сессиялары ұйымдастырылды.

Форумда сөз сөйлеген Түркия Республикасының Вице-президенті Джавдат Йылмаз Президент Шавкат Мирзиёев реформатор ретінде өте күшті көшбасшы екенін, бір жағынан Өзбекстанда еркін нарықтық экономиканы институттандыруға тырысып жатқаны, бір жағынан Өзбекстанды әлемге танытып жатқанын атап өтті.

Іс жүзінде 2017-2023 жылдары Өзбекстандағы Түркиямен бизнес жүргізетін кәсіпкерлік субъектілерінің саны екі есеге артып, 5200-ді құрады. Бұл компаниялар энергетика, құрылыс, тоқыма, туризм, фармацевтика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдарын өндіру сияқты салаларда белсенді жұмыс істеп жатыр.

– Іске асырылған реформалар өз нәтижесін бере бастады. Бұл әрекеттер Өзбекстанға және оның халқына алдағы жылдары бұдан да көп жақсылықтар әкеледі деп сенемін, - деді Джавдат Йылмаз. – Тағы бір айта кетейін, реформалар велосипед тебуге ұқсайды. Оның тоқтап қалмауы үшін, әрқашан педалді басып отыру керек. Осы форумға қатысу арқылы Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды тағы да көру мүмкіндігіне ие болдым.

Сондай-ақ жиында Өзбекстан мен Түркия арасында өткен жылы Жеңілдікті сауда келісіміне қол қойылғаны да жоғары бағаланды. Келісім аясында көрсетілген 12 тауар бойынша өзара сауда көлемі жыл соңында 30 пайызға өскен болса, ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл тауарлардың сауда көлемі 12 пайызға өскен.

Іс-шараның күн тәртібінде түрік компанияларының әлеуетті басшыларымен сауда-өнеркәсіп, денсаулық сақтау, туризм сияқты бірқатар салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған келіссөздер мен тұсаукесерлер орын алды.

Форум аясында Өзбекстан мен Түркияның экономика және іскерлік салалары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, өнеркәсіп кластерлерін құру, энергетика саласын қолдау, электростанциялар салу, тоқыма және былғары аяқ киім өндірісі, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде автомобиль жолдары, мектеп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің құрылысы бойынша бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Өзбекстан-Түркия бизнес-форумы аясында Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы, Өзбекстан Сыртқы экономикалық қызмет ұлттық банкі және Ыстамбұл зергерлер палатасы арасында ынтымақтастыққа қол жеткізілді.