Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Анкара мен Ыстанбұлда Өзбекстанның мәдениеті күндері өтеді
12:56 / 2020-07-29

Бұл салтанатты рәсім Түркиялық қауым өкілдерін Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру мақсатында жасалады


Бұл салтанатты рәсім Түркиялық қауым өкілдерін Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру мақсатында жасалады.

28 шілде күні Өзбекстан делегациясының Анкараға жасаған сапары барысында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С. Умурзақов пен Түркияның Сыртқы істер министрі М.Чавушоглу арасында кездесу өтті.

Кездесу аясында тараптар COVID-19 індетінің тарауына байланысты осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, Өзбекстан тарапы Түркияның коронавирус пандемиясының таралуына қарсы күрес стратегиясының жоғары тиімділігін атап өткен.

Пандемиямен күресте Түркия тарапы көрсеткен көмек қолдауы сөз болып, онда Түркияның Халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің қолдауымен Өзбекстанға 30 мың қорғаныс костюмі мен 50 өкпені жасанды желдету аппараты, бұдан бөлек Анкара әкімдігі ұсынған 250 000 маска мен 5000 дезинфекциялық құрал жіберілгені үшін алғыс білдірді.

Кездесуде саяси-дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты серіктестіктің жоғары деңгейі, сондай-ақ екі елдің мүддесіне сай барлық салалардағы ынтымақтастық ауқымы жылдам өсіп келе жатқаны және осы жылдың 19-20 ақпанында жоғары деңгейде өткен Өзбекстан-Түркия стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы жаңа кезең болатындығы айтылды.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылып, Анкара мен Ыстанбұл қаласында Түркиялық қауым өкілдерін Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру мақсатында Өзбек мәдениеті күндерін өткізу жоспары талқыланды.

Келіссөздер соңында кездесу барысында анықталған салалардағы ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.