Анкара қаласы құм бораны астында қалды
Түркияның Анкара қаласы Сауд Арабиясының құмды шөлдерінен жеткен қатты шаң бұлттарының кесірінен құмды дауыл астында қалды
Түркияның Анкара қаласы Сауд Арабиясының құмды шөлдерінен жеткен қатты шаң бұлттарының кесірінен құмды дауыл астында қалды.
«Anadolu» агенттігінің хабарлауынша, сенбі 12 қыркүйекте Түркияның Анкара қаласы құмды дауыл астында қалған. Онда, Сауд Арабиясының құмды шөлдерінен жеткен шаңды-тозаң дауылының жарты сағаттан астам уақытқа созылғаны кесірінен көше жолдарында көру мүмкіндігі бәсеңдеп, көлік қозғалысы тоқтатылған. Ал, метеорологтар осы жағдайдан кейін Анкара тұрғындарына дауылдың салдарынан су басу ықтималдығы туралы ескерту жариялаған.
