English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Англияда төреші мен қарсыласына қарап әдейі жөтелген футболшы қызыл қағаз алады
11:00 / 2020-08-04

Жаңа ережелер елдегі барлық ресми жарыстарға Премьер-лига, Чемпионшип, Англия Кубогы және ЛигаКубогы ойындарында қолданылады


Англия футбол қауымдастығы (FA) төрешілерге алаңдағы ойыншылардың мінез-құлқына қатысты жаңа нұсқаулықтар берді.

The Times басылымында жарияланған бұл қағидаға сай коронавирустық пандемияға байланысты жаңа маусымда төрешілер өзіне немесе қарсы ойыншыға әдейі жөтелген ойыншыларды алаңнан қууға рұқсат етілген.

Бірақ футболшылардың гол соққаннан кейін голды тойлау кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және алаңға түкірген ойыншыларды жазалау төрешілер міндетіне кірмейді.

Футбол қауымдастығының жаңа ережелері елдегі барлық ресми жарыстарға, соның ішінде Премьер-лига, Чемпионшип, Англия Кубогы және ЛигаКубогы ойындарында қолданылады.