Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Англия өз тарихында алғаш рет Еуро турнирдің финалына шықты
10:58 / 2021-07-08

Уэмблиде өткен кездесуде Англия құрамасы Данияны жеңіп Еуропа чемпионаты тарихында алғаш рет финалға шықты.

Кездесудің 30 минутында Дамсгор супер голмен Дания құрамасын алға шығарса, 39 минутта Симон Кьер автогол соғып есепті теңестірді. Негізгі уақытта күштер тең аяқталды. Қосымша бөлімдердің бірінші таймында Харри Кейн жеңіс голын соқты. Бір қызығы, ағылшын капитанының айып соққысын Шмейхель қайтарды, бірақ қайтқан допты Гарридің өзі қақпаға бағытта оны голға айналтырды.

Осылайша ағылшындар өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалына шықты.

Енді 11 шілдеде «Уэмбли» алаңында өтетін финал кездесуінде Англия мен Италия чемпиондық үшін ойнайтын болады.