Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Англия Кубогының жартылай финалына жеребе тасталды
09:13 / 2020-06-29

Жартылай финал кездесулері 18-19 шілдеде «Уэмбли» стадионында өтеді


Англия футбол қауымдастығы Англия Кубогының жартылай финалына шыұұан 4 команда арасында өтетін кездесулерге жеребе тастады.

Жеребе нәтижесіне орай «Манчестер Юнайтед» «Челсиге» қарсы ойнаса, «Арсенал» «Манчестер Сити» клубына қарсы алаңға шықпақ.

Жартылай финал кездесулері 18-19 шілдеде «Уэмбли» стадионында өтеді.

Англия Кубогы тарихында ең көп жеңімпаз болған клуб – «Арсенал», 13 рет чемпион болған. Екінші орында «Манчестер Юнайтед» (12). Одан кейінгі орындарда «Челси» мен «Тоттенхэм» клубтары (әрқайсысы 8).